Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Конституциялық Кеңесi туралы

Конституциялық Кеңесi туралы
12-бап. Конституциялық Кеңес мүшелерiне ешкiмнiң тиiспеуi



Ст. 12 Конституциялық Кеңесi туралы 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 2737



1. Қылмыс үстінде ұстап алынған не ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасаған жағдайлардан басқа кезде, Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшелерiн өз өкiлеттiктері мерзiмi iшiнде Парламенттің келiсiмiнсiз ұстап алуға, күзетпен ұстауға, үйқамаққа алуға, күштеп әкелуге, сот тәртiбiмен қолданылатын әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды. 

2. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуына себеп сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелгеннен кейін Конституциялық Кеңестiң Төрағасына немесе мүшесiне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру Бас Прокурордың келісімімен ғана жалғастырылуы мүмкін, ол Конституциялық Кеңестiң Төрағасын немесе мүшесiн қылмыстық жауаптылыққа тартуға келісім беру туралы ұсынуды Парламентке енгізеді. Конституциялық Кеңестiң Төрағасы немесе мүшелерi қылмыс үстінде ұстап алынған не ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасауға дайындалу немесе оқталу фактісі анықталған не олар ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған жағдайларда, оларға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру Бас Прокурордың келісімін алғанға дейін, бірақ бір тәулік ішінде оны міндетті түрде хабардар ете отырып, жалғастырылуы мүмкін. Істі тергеп-тексеру барысында заңдылықтың сақталуын қадағалауды Бас Прокурор жүзеге асырады. 

3. Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшелерi тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылмайды. 

4. Конституциялық Кеңестiң мүшесiн, егер осы Конституциялық заңға сәйкес оның өкiлеттiгi тоқтатыла тұрмаған болса, Конституциялық Кеңестiң отырысына қатысудан шеттетуге ешкiмнiң хақы жоқ.

 Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 04.07.2014 № 232-V Конституциялық заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...10 11 12 13 14 ...47 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 12-бап Конституциялық Кеңесi туралы 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 2737