Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 14 Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы 2022 жылғы 5 қарашадағы № 153-VII


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.05.2024

Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы
14-бап. Конституциялық Соттың судьяларын материалдық және әлеуметтік қамтамасыз ету

1. Конституциялық Соттың Төрағасына, Төрағасының орынбасарына және судьяларына жалақы Қазақстан Республикасы Конституциясының 66-бабының 9-1) тармақшасында көзделген тәртіппен белгіленеді. 

2. Конституциялық Соттың Төрағасын тұрғын үймен, көлікпен және өзге де қамтамасыз ету, медициналық қызмет көрсету және санаториялық-курорттық емдеу Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары деңгейінде, Конституциялық Сот Төрағасының орынбасарын – Премьер-Министрінің Орынбасары деңгейінде, Конституциялық Соттың судьяларын – Министрі деңгейінде жүзеге асырылады. 

3. Конституциялық Соттың судьяларына сауықтыруға екі лауазымдық айлықақы мөлшерінде жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтізбелік отыз күн болатын жыл сайынғы демалыс беріледі. 

4. Егер Конституциялық Соттың судьясы мен оның отбасы мүшелері басқа жерде тұрып жатқан болса, Конституциялық Соттың судьясы мен оның отбасы мүшелеріне көшу бойынша шығыстары өтеледі. 

5. Конституциялық Соттың орналасқан жерінде тұрғын үйі болмаған жағдайда Конституциялық Соттың судьяларын тұрғын үймен қамтамасыз ету республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі. Конституциялық Соттың судьясы мен оның отбасы мүшелеріне кезектен тыс тәртіппен, бірақ лауазымға тағайындалған күннен бастап алты айдан кешіктірілмей, Конституциялық Соттың судьясын тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж азаматтар санатына жатқызуды болғызбайтын нормалар бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан жайлы тұрғын үй-жай беріледі. Конституциялық Соттың судьясы тұрақты тұрып жатқан қызметтік тұрғын үй-жай тұрғын үйі болмаған жағдайда оның қалауы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жекешелендірілуі мүмкін. 

6. Конституциялық Соттың судьялары республикалық бюджет қаражаты есебінен мантиямен және төсбелгімен қамтамасыз етіледі. 

7. Конституциялық Соттың судьялары және олармен бірге тұратын отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінде медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз етіледі. 

8. Қазақстан Республикасы Конституциясында белгіленген лауазымға болу мерзімінің аяқталуына байланысты өкілеттігі тоқтатылған, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа толған Конституциялық Соттың судьясына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір жүз жиырма еселенген мөлшерінде салық салынбайтын ай сайынғы өмір бойғы қамтылым төленеді. Бұл ретте Конституциялық Соттың судьясы өз қалауы бойынша мынадай төлемдердің бірін алуға құқылы: 

1) ай сайынғы өмір бойғы қамтылым; 

2) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасына байланысты зейнетақы төлемдері немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері. 

Конституциялық Соттың судьясына ай сайынғы өмір бойғы қамтылымды төлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. 

9. Конституциялық Соттың судьясына ай сайынғы өмір бойғы қамтылымды төлеу, оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметпен айналысумен байланысты лауазымды қоспағанда, ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық немесе жергілікті бюджеттен не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаражатынан ақы төленетін лауазыммен айналысқан жағдайда тоқтатыла тұрады. 

Республикалық немесе жергілікті бюджеттен не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаражатынан ақы төленетін лауазыммен айналысу тоқтатылған жағдайда, Конституциялық Соттың судьясына ай сайынғы өмір бойғы қамтылым төлеу қайта басталады.
Статья 1 ...12 13 14 15 16 ...67

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте, 2 учителя, один принят на работу с середины декабря 2023 года, второй с февраля 2024 года, отпуск и лечебное пособие оплачивается? Спасибо!


В каких случаях начальство может заставить сотрудника полиции работать через сутки и положено ли сотрудникам полиции в таком случае компенсация



ҚРӘҚБтК-ң 230 бабының 2 бөлігі яғни сақтандыру келісім шарты "страховка", (трактор) (комбайн) шаруа қожалық көлік құралдарына міндеттелгенбе ??? Жауабын бере аласыздарма?


Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться