Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 26 Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 172-VII ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.05.2024

Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы
26-бап. Мемлекеттік кірістер органдарының құзыреті

1. Мемлекеттік кірістер органдары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың өткізілуін бақылауды жүзеге асырады. 

2. Мемлекеттік кірістер органдары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың заңсыз өткізілуінің алдын алу және жолын кесу мақсатында: 

1) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы тауарлар өткізуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген, өткізілетін тауарларға қатысты құжаттар мен мәліметтерді сұратады және алады; 

2) арнайы білім мен дағдыларды талап ететін мәселелерді зерттеу үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын, ұйымдарын, сарапшыларды және мамандарды тартады; 

3) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде көлік құралдарын тоқтатады, оларды қарап-тексеруді, жете тексеруді жүргізеді; 

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді, байланыс жүйелерін, деректерді беру жүйелерін, сондай-ақ ақпаратты қорғау құралдарын әзірлейді, жасайды, сатып алады және пайдаланады; 

5) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылаудың техникалық құралдарын сатып алады, пайдаланады; 

6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес фактілер мен оқиғаларды құжаттауды, бейне- және аудиожазба жасауды, киноға және фотоға түсіруді жүргізеді; 

7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Статья 1 ...24 25 26 27 28 ...36

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.


Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?


Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?


Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?


Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться