Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Қазақстан Республикасындағы кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы
11-бап. Жазбаша ұйғарым және санкциялар

Ст. 11 Қазақстан Республикасындағы кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы 2004 жылғы 6 шілдедегі N 573


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Қазақстан Республикасының кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы заңнамасы бұзылған жағдайда, уәкiлетті орган кредиттiк бюроға, банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға, микроқаржы ұйымына, коллекторлық агенттікке жазбаша нұсқама жiберуге құқылы. 

Анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды белгiленген мерзiмде жоюға бағытталған орындалуы міндетті түзету шараларын қолдануға және (немесе) анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) белгiленген мерзiмде ұсыну қажеттілігіне арналған кредиттік бюроға, банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға, микроқаржы ұйымына, коллекторлық агенттікке берілген нұсқау жазбаша нұсқама болып табылады. 

Жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімде ұсынылған іс-шаралар жоспарында бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралар тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі. 

1-2. Уәкiлеттi органның нұсқамасына сотқа шағым жасау оның орындалуын тоқтата тұрмайды. 

1-3. Кредиттік бюро, банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, микроқаржы ұйымы, коллекторлық агенттік уәкілетті органды жазбаша нұсқамада көрсетілген шаралардың осы жазбаша нұсқамада көзделген мерзімде орындалғаны туралы хабардар етуге міндетті. 

Бұзушылықты іс-шаралар жоспарында не жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімдерде кредиттік бюроға, банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға, микроқаржы ұйымына байланысты емес себептер бойынша жою мүмкіндігі болмаған жағдайда, іс-шаралар жоспарын не жазбаша нұсқаманы орындау мерзімін уәкілетті орган уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен ұзартуы мүмкін. 

2. Уәкiлетті орган санкция ретінде:  

1) әкiмшілік айыппұл салу;  

2) рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру шараларын қолдануға құқылы; 

3) Алынып тасталды - ҚР 2007.07.27 N 317 Заңымен. 

Ескерту. 11-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2007.07.27 N 317 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2012.11.26 N 57-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.05.2017 № 63-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...9 10 11 12 13 ...32

Перейти к статье






Добавить комментарий к 11-бап Қазақстан Республикасындағы кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы 2004 жылғы 6 шілдедегі N 573