Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасындағы кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы

Қазақстан Республикасындағы кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы
12-бап. Кредиттiк бюро лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру



Ст. 12 Қазақстан Республикасындағы кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы 2004 жылғы 6 шілдедегі N 573




1. Кредиттiк бюро лицензиясының қолданылуы:

1) осы Заңның 8-бабында белгiленген талаптардың сақталмауы;

2) лицензия беруге негіздеме болған құжаттардың шындыққа сәйкес келмеуiнің анықталуы;

3) уәкілеттi органның Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы заңдарын бұзушылықтарды жою жөнiндегi жазбаша ұйғарымын орындамау сияқты негіздемелердiң бiрi бойынша алты айға дейiнгі мерзімге тоқтатыла тұруы мүмкiн.

2. Кредиттік бюро лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру, бұрын жасалған шарттар бойынша ақпарат алу жөнiндегi қызметтi қоспағанда, оның қызметiн жүзеге асыруға тыйым салуға әкеп соғады.

3. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешімде лицензияның қолданылуын тоқтата тұру негiздемесi мен мерзiмi көрсетiлуге тиiс.

Мұндай шешiм кредиттік бюроның атқарушы органының назарына жеткiзілген күннен бастап лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрды деп саналады.


Статья 1 ...10 11 12 13 14 ...32 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 12-бап Қазақстан Республикасындағы кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы 2004 жылғы 6 шілдедегі N 573