Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасындағы кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы

Қазақстан Республикасындағы кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы
4-бап. Кредиттік бюролардың қызметін реттеуді, бақылауды және қадағалауды, ақпарат берушiлер мен кредиттік есептерді алушылардың қызметін бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар



Ст. 4 Қазақстан Республикасындағы кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы 2004 жылғы 6 шілдедегі N 573



1. Кредиттік бюролардың қызметін және кредиттік тарихты қалыптастыруды мемлекеттік реттеу мен қадағалауды уәкілетті орган жүзеге асырады.

Осы мақсатта уәкілетті орган жеке және заңды тұлғалардан, оның ішінде кредиттік бюролардан өзінің қадағалау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты алуға құқылы, бұл ретте, осы тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда, алынған мәліметтер жариялауға жатпайды.

 РҚАО-ның ескертпесі!

1-тармақты үшінші бөлікпен толықтыру көзделген - ҚР 27.04.2015 № 311-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

 Уәкілетті органның қызметкерлері өздерінің қадағалау функцияларын жүзеге асыру барысында алған қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтерді жариялағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

2. Уәкiлеттi органның құзыретiне:

1) осы Заңға сәйкес кредиттiк бюролардың қызметi мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер қабылдау;

2) осы Заңда көзделген жағдайды қоспағанда, кредиттiк бюролар қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензиялар беру;

3) Қазақстан Республикасының кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы заңдарының сақталу мәселелерi бойынша кредиттік бюролар қызметiне тексерулер жүргiзу;

4) Қазақстан Республикасының кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы заңдарының анықталған бұзушылықтарын жою туралы кредиттiк бюроларға, банктерге, банктік қарыз операцияларын жүргізуге лицензиясы бар заңды тұлғаларға (бұдан әрі - банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар), сондай-ақ белгіленген мерзімдерде ақпарат берілмеген жағдайда жазбаша ұйғарымдар жiберу;

5) кредиттiк бюроларға және олардың лауазымды адамдарына санкциялар қолдану;

6) кредиттiк бюролардың қызметiне, соның iшiнде кредиттiк тарихты қалыптастыруға байланысты мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау;

7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру жатады.

3. Алып тасталды - ҚР 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.07.27 N 317 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.02.10 N 406-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.04.2015 № 311-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

Статья 1 2 3 4 5 6 ...32 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 4-бап Қазақстан Республикасындағы кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы 2004 жылғы 6 шілдедегі N 573