Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Кредиттiк серiктестiктер туралы

Кредиттiк серiктестiктер туралы
12-бап. Мiндеттi салымдарды салу тәртiбi



Ст. 12 Кредиттiк серiктестiктер туралы 2003 жылғы 28 наурыздағы N 400



1. Кредиттiк серiктестiкке кiру үшiн қатысушы мiндеттi салымның ең аз мөлшерiн салады. Ұлттық валюта ақшасымен құралатын және төленетiн кредиттiк серiктестiктiң бастапқы жарғылық капиталы қатысушылардың мiндеттi салымдарының сомасына тең және уәкiлеттi орган белгiлеген сомадан аз болмауға тиiс. Әрбiр қатысушының мiндеттi салымының кредиттiк серiктестiктiң жарғылық капиталындағы жалпы сомаға қатынасы қатысушының кредиттiк серiктестiктiң жарғылық капиталындағы үлесi болып табылады.

2. Алынып тасталды - ҚР 2005.12.23 N 107 Заңымен.

3. Кредиттiк cepiктecтiктiң қатысушысына ақша салу кезiнде кредиттiк серiктестiк қатысушысының ақша салғанын растайтын құжат берiледi.

Қатысушының кредиттiк серiктестiкке одан кейiнгi ақша салуы және оның қатысушыға ақшаны қайтаруы жоғарыда аталған құжатта тiркелуге тиiс.

Ескерту. 12-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

Статья 1 ...10 11 12 13 14 ...29 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 12-бап Кредиттiк серiктестiктер туралы 2003 жылғы 28 наурыздағы N 400