Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Медиация туралы
24-бап. Қылмыстық сот ісі барысында жүргізілетін медиацияның ерекшеліктері



Ст. 24 Медиация туралы 2011 жылғы 28 қаңтардағы № 401-IV




1. Тараптардың медиация туралы шарт жасасуы қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұрмайды.

2. Медиацияға қатысу фактісі медиация тарапы болып табылатын сот ісін жүргізуге қатысушының кінәні мойындауының дәлелі бола алмайды.

3. Егер медиацияны жүргізу кезінде тараптардың бірі кәмелетке толмаған адам болса, педагогтің немесе психологтің немесе кәмелетке толмаған адамның заңды өкілдерінің қатысуы міндетті.

4. Қылмыстық сот ісін жүргізу барысындағы медиация қылмыстық процессуалдық заңында белгіленген сотқа дейінгі және сотта іс жүргізу мерзімдерінде жүзеге асырылуға тиіс.

5. Дау-шарды реттеу туралы келісімге қол қоюдан бас тарту медиация тарапы болып табылатын сот ісін жүргізуге қатысушының жағдайын нашарлата алмайды.

6. Қылмыстық процесс шеңберінде жүргізілген медиация тоқтатылған жағдайда тараптар іс жүргізуінде қылмыстық іс жатқан қылмыстық процесті жүргізетін органға дереу:

1) дау-шарды реттеу туралы келісімге қол қойылған жағдайда – аталған келісімді;

2) өзге жағдайларда – осы Заңның 26-бабында көзделген негіздерді көрсете отырып, медиацияны тоқтату туралы жазбаша хабарламаны жіберуге міндетті.

 Ескерту. 24-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


Статья 1 ...22 23 24 25 26 ...28 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Медиация туралы 2011 жылғы 28 қаңтардағы № 401-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 24-бап Медиация туралы 2011 жылғы 28 қаңтардағы № 401-IV