Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Медиация туралы
22-бап. Медиацияны жүргізуге байланысты шығыстар



Ст. 22 Медиация туралы 2011 жылғы 28 қаңтардағы № 401-IV



1. Медиацияны жүргізуге байланысты шығыстар мыналарды қамтиды:

1) медиаторға сыйақы төлеу;

2) медиацияны жүргізуге байланысты медиатор шеккен шығыстар, оның ішінде дау қаралатын жерге жол жүру ақысын төлеуге, қонақүйде тұруға және тамақтануға арналған шығыстар.

2. Кәсіби медиаторлар медиацияны ақылы да, тегін негізде де жүзеге асырады.

3. Кәсіпқой медиатор (медиаторлар) сыйақысының мөлшері медиация басталғанға дейін медиатормен (медиаторлармен) тараптардың келісімі бойынша айқындалады.

4. Егер тараптардың келісімімен өзгеше белгіленбесе, медиацияны жүргізуге байланысты шығыстарды тараптар бірлесіп тең үлестермен төлейді.

5. Егер медиатор өзінің бейтараптығына кедергі келтіретін мән-жайларға байланысты медиацияны жүргізуден бас тартса, ол тараптардың өзіне төлеген ақшалай сомасын қайтаруға міндетті.

6. Кәсіпқой емес медиаторларға осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында аталған медиацияны жүргізуге байланысты өздері шеккен шығыстар өтеледі.

Статья 1 ...20 21 22 23 24 ...28 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Медиация туралы 2011 жылғы 28 қаңтардағы № 401-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 22-бап Медиация туралы 2011 жылғы 28 қаңтардағы № 401-IV