Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Халықаралық төрелiк туралы
21-бап. Талап арызды қайтару



Ст. 21 Халықаралық төрелiк туралы 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 23 Заңы



1. Төрелiк, егер:

1) тараптар арасында төрелік келiсiм болмаса;

2) талап қою төрелік келiсiмде көзделмеген төрелікке берiлсе;

3) талап қоюдың нысанасы төрелік келiсiмнiң шеңберiнен тыс болса;

4) талап арызға қол қоюға өкiлеттiктерi жоқ адам қол қойса;

5) талапкер талап арызды қайтарып алу туралы өтiнiш берсе;

6) осы немесе басқа төреліктiң iс жүргізуiнде сол тараптар арасындағы сол нысана туралы және сол негiздер бойынша дау жөнiнде iс бар болса, талап арызды қайтарады.

2. Талап арыз қайтарылған кезде төрелік дәлелдi ұйғарым шығарады.

3. Арыздың қайтарылуы талапкердiң сол жауапкерге сол нысана туралы және сол негiздер бойынша талап қойып төрелікке қайтадан жүгiнуiне кедергi келтiрмейдi.

Статья 1 ...19 20 21 22 23 ...33 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Халықаралық төрелiк туралы 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 23 Заңы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 21-бап Халықаралық төрелiк туралы 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 23 Заңы