Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Халықтың көшi-қоны туралы
21-бап. Қазақстан Республикасының аумағына өз бетінше келген этникалық қазақтарға оралман мәртебесін беру және (немесе) оларды оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу



Ст. 21 Халықтың көшi-қоны туралы от 22 июля 2011 года № 477-IV




1. Қазақстан Республикасының аумағына өз бетінше келген этникалық қазақтар тұратын жеріне келгеннен кейін, олар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірді таңдаған жағдайда оралман мәртебесін беруге және (немесе) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге жергілікті атқарушы органға өтініштер береді және оралман мәртебесін алғаннан кейін тұрақты тұруға рұқсат алу үшін ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелеріне өтініш береді.

Этникалық қазақтар оралман мәртебесін беруге және (немесе) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтінішін тиісті құжаттарымен қоса жергілікті атқарушы органға Мемлекеттік корпорация арқылы бере алады.

2. Жергілікті атқарушы орган өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде этникалық қазақтарға және олардың отбасы мүшелеріне оралман мәртебесін, оралман куәлігін береді не оралман мәртебесін беруден уәжді түрде бас тартады.

Оралман мәртебесін беру үміткерлер осы Заңның 1-бабының 13) тармақшасында белгіленген шарттарға сай келген кезде жүзеге асырылады.

3. Оралман мәртебесін алуға үміткерлердің ұлты – жеке басын куәландыратын құжаттардағы жазбаға сәйкес, мұндай жазба болмаған кезде олардың ұлтын растайтын басқа да құжаттардың негізінде расталады.

4. Оралман мәртебесін алған этникалық қазақтар өздерін оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын шарттарда және тәртіппен жеңілдіктер, өтемақылар және әлеуметтік көмектің басқа да түрлерін алуға үміткер бола алады.

Оралман мәртебесін алған этникалық қазақтардың тізімі, олар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірді таңдаған жағдайда, шешім қабылдау үшін Комиссияға жіберіледі.

5. Комиссия оралмандардың тізімін алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде оларды оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы не себептерді уәжді түрде негіздей отырып одан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

 Ескерту. 21-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз).


Статья 1 ...19-2 20 21 21-1 22 ...63 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Халықтың көшi-қоны туралы от 22 июля 2011 года № 477-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 21-бап Халықтың көшi-қоны туралы от 22 июля 2011 года № 477-IV