Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Халықтың көшi-қоны туралы

Халықтың көшi-қоны туралы
26-бап. Оралмандардың құқықтары мен міндеттері



Ст. 26 Халықтың көшi-қоны туралы от 22 июля 2011 года № 477-IV



1. Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің: 

1) жеңілдетілген (тіркелген) тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға; 

2) жеңілдіктерді, өтемақыларды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген әлеуметтік көмектің басқа да түрлерін алуға; 

3) Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейін қолда бар құжаттарының негізінде атын, әкесінің атын (ол болғанда) және тегін қазақ тілінде дұрыстап жазуға; 

4) дара кәсіпкерлікті заңды тұлға құрмай жүзеге асыруға құқығы бар. 

5) қызметтік немесе өзінің тұрғын үйі болмаған кезде оралмандарды бейімдеу және интеграциялау орталықтарында, уақытша орналастыру орталықтарында бір жылдан аспайтын мерзімге уақытша тіркелуге құқығы бар. 

2. Оралмандар мен олардың отбасы мүшелері: 

1) оралман мәртебесін беру және (немесе) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы өтініштерін қарау үшін қажетті анық мәліметтерді Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға ұсынуға; 

2) денсаулық сақтау органдарының талап етуі бойынша медициналық қарап-тексеруден өтуге, екпелерді алуға, емдеу курсынан өтуге, сондай-ақ денсаулық сақтау органдарының нұсқамаларын орындауға; 

3) оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығына жолдама алған жағдайда, күнтізбелік үш күннің ішінде сонда қоныстануға және халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген болу кезеңі аяқталғаннан кейін берілген үй-жайды босатуға; 

4) уақытша орналастыру орталықтарында және оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтарында болудың белгіленген тәртібін сақтауға міндетті. 

Ескерту. 26-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.12.2013 № 153-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 421-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

4-тарау. ОТБАСЫН БІРІКТІРУ МАҚСАТЫНДА КӨШІП КЕЛУ


Статья 1 ...24 25 26 27 28 ...63 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 26-бап Халықтың көшi-қоны туралы от 22 июля 2011 года № 477-IV