Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы
25-бап. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің ең төмен әлеуметтік стандарты



Ст. 25 Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы 2015 жылғы 19 мамырдағы № 314-V ҚРЗ



Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің ең төмен әлеуметтік стандарты:

1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау кезіндегі мемлекеттік білім беру тапсырысының нормаларын;

2) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын;

3) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алып жатқан жетім балалардың және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың киім-кешегі нормаларын;

4) мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушыларға арналған стипендияның нормативін (мөлшерін);

5) мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушылардың жеңілдікпен жол жүру нормативтерін;

6) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету нормаларын;

7) санитариялық-эпидемиологиялық талаптар нормаларын;

8) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққанда орташа кірісі ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушыларды, жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл көмекті қажет ететін отбасылардан шыққан балаларды жатақханада орындармен қамтамасыз ету жөніндегі нормаларды;

9) егер білім алушы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімді алғаш рет алса, түлектерге жұмыс біліктілігінің белгіленген және жоғары деңгейін бере отырып, осындай білімге кепілдік беру нормативтерін қамтиды.

Статья 1 ...23 24 25 26 27 ...39 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы 2015 жылғы 19 мамырдағы № 314-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 25-бап Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы 2015 жылғы 19 мамырдағы № 314-V ҚРЗ