Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы

Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы
18-бап. Әскери міндеттілерді бекітіп қоюдың ұйымдастырылуы мен тәртібі



Ст. 18 Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы 1997 жылғы 16 маусымдағы N 127



1. Әскери міндеттілерді бекітіп қоюдың ұйымдастырылуы мен тәртібі осы Заңда және өзге де нормативтік құқықтық актілерде айқындалады.

2. Қазақстан Республикасының аумағында әскери міндеттілерді бекітіп қою жөніндегі жұмысқа басшылықты Әскери міндеттілерді бекітіп қою жөніндегі республикалық комиссия жүзеге асырады.

3. Бекітіп қоюға жататын лауазымдар мен мамандықтардың тізбесін Әскери міндеттілерді бекітіп қою жөніндегі республикалық комиссия бекітеді.

4. Мемлекеттік органдарға, ұйымдарға бекітіп қойылған әскери міндеттілер өздеріне берілген кейінге қалдыру мерзімінің қолданыстағы уақытында жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңіндегі және соғыс уақытындағы шақырудан босатылады.

Ескерту. 18-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.07.15 N 334-IV Заңымен.

Статья 1 ...16 17 18 19 20 ...22 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 18-бап Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы 1997 жылғы 16 маусымдағы N 127