Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы

Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы
2-бап. Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды жiктеу



Ст. 2 Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қар 1998 жылғы 10 шiлдедегi N 279




1. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиісті Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тiзiмiне енгiзiледi. Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиісті Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тiзiмi ұсынылып отырған төрт кестеден және тiзiмнен тұрады. 

Осы Заңның 18, 19, 20-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, I кестеге Қазақстан Республикасының заңнамасына және БҰҰ-ның 1961 және 1971 жылдардағы халықаралық конвенцияларына сәйкес Қазақстан Республикасында айналымына тыйым салынған есiрткi, психотроптық заттар енгiзiледi. 

II кестеге Қазақстан Республикасының заңнамасына және БҰҰ-ның 1961 және 1971 жылдардағы халықаралық конвенцияларына сәйкес айналымы шектеулi және қатаң бақылауда тұрған есiрткi және психотроптық заттар енгiзiледi. 

III кестеге Қазақстан Республикасының заңнамасына және БҰҰ-ның 1961 және 1971 жылдардағы халықаралық конвенцияларына сәйкес айналымы бақылауда тұрған есiрткi, психотроптық заттар енгiзiледi. 

IV кестеге Қазақстан Республикасының заңнамасына және БҰҰ-ның 1988 жылғы халықаралық Конвенциясына сәйкес айналымы бақылауда тұрған прекурсорлар енгiзiледi. 

Қазақстан Республикасында бақылауға жататын және ветеринарияда қолдануға рұқсат етiлген, құрамында есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрiлiк заттардың тiзiмiне тиiстi лицензиясы болған кезде диагностикалық, емдiк және профилактикалық заттар ретiнде пайдаланылуы мүмкiн дәрiлiк препараттар енгiзiлген. 

2. Препараттарға қатысты олардың құрамындағы есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларға қатысты белгiленетiн бақылау түрлерi көзделедi. Егер препараттың құрамында бiр емес, бiрнеше есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар болса, оған неғұрлым қатаң бақылау шараларына жататын есiрткi, психотроптық зат пен прекурсорға қолданылатындай бақылау қолданылады. Құрамында есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың аз мөлшерi бар және оларды шектен тыс пайдаланған жағдайда болмашы қауiп төндiретiн және олардан аталған заттар оңай қолжетімді тәсілдермен алынуы мүмкiн емес дәрiлiк препараттар осы Заңға сәйкес бақылауға жатпайды. Аталған препараттардың тiзiмiн, оларды бақылаудан алу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. 

3. Есірткі, психотроптық зат тектестер құрылымы мен қасиеттері бойынша ұқсас есірткі және психотроптық заттар сияқты нақ сондай бақылау шараларына жатады. 

Тектестердің мөлшерін айқындау кезінде өздері тектестері болып табылатын есірткі және психотроптық заттардың мөлшері қолданылады. 

Ескерту. 2-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.07.2014 № 227-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).


Статья 1 2 3 4 ...pril_2 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 2-бап Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қар 1998 жылғы 10 шiлдедегi N 279