Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы
27-бап. Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің, олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік кепілдіктері



Ст. 27 Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы 2015 жылғы 10 қаңтардағы № 274-V ҚРЗ




1. Ұлттық ұланда әскери қызмет атқарудың осы Заңда белгіленген ерекше сипаты және әскери қызметшілердің жауапкершілігі «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері үшін қосымша әлеуметтік құқықтармен және жеңілдіктермен өтеледі.

2. Қылмыстық-атқару жүйесінің туберкулезге қарсы мекемелерінде қызмет атқаратын әскери қызметшілерге Қазақстан Республикасының заңнамасында медицина қызметкерлерінің осы санаты үшін белгіленген жеңілдіктер қолданылады.

3. Ұлттық ұланның әскери қызметшілерін осы Заңның 10-бабына сәйкес тұрақты орналасқан пунктінен тыс жерде міндеттерді орындауға тарту кезеңінде еңбек сіңірген жылына есептелетін әскери қызмет мерзімінің бір күні үш күн есебіне саналады және үш еселенген мөлшерде ақшалай қамтылым төленеді.


Статья 1 ...25 26 27 28 29 ...31 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы 2015 жылғы 10 қаңтардағы № 274-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 27-бап Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы 2015 жылғы 10 қаңтардағы № 274-V ҚРЗ