Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы

Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы
15-1-бап. Архивтік құжаттарды электрондық нысанға аудару



Ст. 15-1 Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 326-I



1. Мемлекеттік органдар мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін қажетті архивтік құжаттарды электрондық нысанға аударуды тұрақты негізде қамтамасыз етуге міндетті.

2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген архивтік құжаттарды электрондық нысанға аударуды «электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторы жүзеге асырады.

3. Электрондық нысанға аударылған архивтік құжаттарға қол жеткізу мемлекеттік, коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын құпияларды қорғау жөніндегі талаптар сақтала отырып, барлық мүдделі мемлекеттік органдар үшін ашық болып табылады.

4. Мемлекеттік архивтің немесе ведомстволық архивтің уәкілетті қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған архивтік құжаттың электрондық көшірмесі архивтік құжаттың бастапқы түпнұсқасына тең болып табылады.

 Ескерту. 4-тарау 15-1-баппен толықтырылды - ҚР 17.11.2015 № 408-V Заңымен (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...14 15 15-1 16 16-1 ...27 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 15-1-бап Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 326-I