Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы
22-бап. Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік архивтері



Ст. 22 Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 326-I



1. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінде, сыртқы барлау саласындағы уәкілетті органда, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінде, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінде, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросында, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитетінде арнаулы мемлекеттік архивтер құрылуы мүмкін.

2. Арнайы мемлекеттік архивтер құру Қазақстан Республикасы Президентінің актісімен жүзеге асырылады.

3. Қазақстан Республикасының осы Заңда белгіленген тәртіппен арнаулы мемлекеттік архивтер құрылған мемлекеттік органдарына өздерінің қызметіне қатысты архив құжаттарын жинақтау (сатып алу), тұрақты сақтау және пайдалану құқығы беріледі.

4. Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік архивтері қызметінің тәртібі нормативтік құқықтық актілермен белгіленеді.

Ескерту. 22-бапқа өзгеріcтер енгізілді - ҚР 2003.05.08 N 413, 2004.12.20 N 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.05.27 № 279-IV, 2012.02.13 N 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2014 N 233-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 06.04.2016 № 484-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
6-тарау. Халықаралық ынтымақтастық

Статья 1 ...20 21 22 23 24 ...27 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 326-I 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 22-бап Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 326-I