Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының банк жүйесi



Ст. 1 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы 1995 жылғы 30 наурыздағы N 2155



Қазақстан Республикасының банк жүйесi екi деңгейден тұрады.  

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (Қазақстан Ұлттық Банкi) Қазақстан Республикасының орталық банкi болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесiнiң жоғары (бiрiншi) деңгейiн бiлдiредi.  

Қазақстан Ұлттық Банкi басқа елдердiң орталық банктерiмен және басқа банктермен қарым-қатынаста, халықаралық банктер мен басқа да қаржы-кредит ұйымдарында өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының мүддесiн бiлдiредi.  

Қазақстан Ұлттық Банкi өз мiндеттерiн орындау кезiнде пайда табу мақсатын басшылыққа алмауға тиiс.  

Екiншi деңгейдегi банктердiң түрлерi, құқықтық мәртебесi, оларды құрудың, қызметiнiң және таратудың тәртiбi Қазақстан Республикасының банк заңдарымен белгiленедi.  

Ескерту. 1-бапқа өзгертулер енгiзiлдi - ҚР Президентінің 1995.12.05. № 2672 заң күші бар Жарлығымен, Қазақстан Республикасының 1997.07.11. № 154 Заңымен, 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.


Статья 1 2 3 ...74 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 1-бап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы 1995 жылғы 30 наурыздағы N 2155