Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы
34-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметін ұйымдастыру



Ст. 34 Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V




 РҚАО-ның ескертпесі!

1-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды және зейнетақы жинақтарын төлеуді жүзеге асырады.

Өзге тұлғаларға міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасуға тыйым салынады.

2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлік қоғам нысанында құрылады, коммерциялық емес ұйым болып табылады.

3. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының атауы «бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» деген сөздерді қамтуға тиіс.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының атауында «БЖЗҚ» деген аббревиатураны пайдаланып, оның атауын қысқартуға жол беріледі.

4. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, заңды тұлғаларға өзінің атауында «бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» деген сөздерді қандай тілде болмасын толық және қысқартылған түрінде пайдалануға тыйым салынады.

5. Қазақстан Республикасының Үкіметі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жалғыз акционері болып табылады.

6. Қазақстан Республикасының Үкіметіне тиесілі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын сенімгерлік басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады.

7. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының органдарын, олардың функциялары мен өкілеттіктерін, олардың шешімдерді қалыптастыруы мен қабылдауының тәртібін осы Заң, Қазақстан Республикасының Үкіметі, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жарғысы және ішкі құжаттары айқындайды.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының директорлар кеңесінің құрамына дауыс беру құқығымен тұрақты негізде уәкілетті органның өкілі кіреді.

8. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының:

1) ерікті зейнетақы жарналарын тартуға;

2) өзінің қызметі үшін комиссиялық сыйақы алуға;

3) зейнетақымен қамсыздандыруға байланысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сотта салымшының (алушының) мүддесін білдіруге;

4) өзінің мұқтажы үшін иемденген мүлікті жалға беруге;

 РҚАО-ның ескертпесі!

5) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

5) Қазақстан Республикасының аумағында филиалдары мен өкілдіктерін ашуға;

6) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

9. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры:

 РҚАО-ның ескертпесі!

1) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

1) міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын тартуға;

2) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен алушыларға зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға;

3) зейнетақы жинақтарын және төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асыруға;

 РҚАО-ның ескертпесі!

9-тармақты 3-1) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).

 РҚАО-ның ескертпесі!

4) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

4) салымшыға (алушыға) жылына кемiнде бiр рет, сондай-ақ оның сұратуы бойынша кез келген сұралатын күнге өзінің зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақы алмай ақпарат беруге және осы Заңның 57-бабында көзделген ережелерді ескере отырып, оның зейнетақы жинақтары туралы ақпаратқа қол жеткiзуiнiң электронды және өзге де тәсiлдерiн қамтамасыз етуге міндетті.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты беру тәсiлi бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларында айқындалады.

Ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жеке зейнетақы шотында ақша болмаған немесе салымшы (алушы) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларына сәйкес тұрғылықты жерінің өзгергенi туралы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына хабарламаған жағдайларда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыға (алушыға) өткен жылдың зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат жiбермейді;

5) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде зейнетақы активтері есебінен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде өзінің интернет-ресурсында жариялауға;

 РҚАО-ның ескертпесі!

6) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

6) салымшыларға (алушыларға) жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмыс істеуі және инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметі мәселелері бойынша өтеусіз консультациялық қызметтер көрсетуге;

 РҚАО-ның ескертпесі!

7) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).

7) салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге;

8) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларын бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болуға;

9) салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен сақтандыру ұйымына аударуға;

10) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт жасасуға;

11) салымшының (алушының) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына аударуға;

12) бұқаралық ақпарат құралдарында уәкілетті орган белгiлеген және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасында белгіленген тәртiппен және мерзімдерде қаржылық есептілік пен аудиторлық есепті, уәкiлетті орган айқындаған тәртіппен өзге де есептілік пен өзінің қызметi туралы ақпаратты жариялауға және өзінің интернет-ресурсында орналастыруға мiндеттi. Бұл ретте, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жарналар бойынша табысқа кепiлдiктер немесе уәделер қамтылған ақпаратты, сондай-ақ Қазақстан Pecпубликасының заңнамасында тыйым салынған өзге де мәліметтердi жариялауға жол берiлмейдi;

13) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңестің қарауы үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметі туралы жыл сайынғы есепті ұсынуға;

14) өзінің барлық салымшыларына (алушыларына) теңдей жағдайларды қамтамасыз етуге;

 РҚАО-ның ескертпесі!

15) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).

15) Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы белгілеген тәртіппен салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттары туралы Орталықпен ақпарат алмасуды жүзеге асыруға;

16) өзінің қызметінде сертификатталған жабдық пен бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалануға;

17) ақпарат сақтауға арналған резервтік орталығының болуы;

18) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өзінің қызметінде пайдаланатын ақпараттық, коммуникациялық жүйелер мен технологияларды қоса алғанда, кемінде үш жылда бір рет бағдарламалық-техникалық қамтамасыз ету аудитін жүргізуге;

19) ішкі аудит қызметінің болуы міндетті.

10. Салымшылардың (алушылардың) құқықтары мен мүдделерiн қорғау мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына:

1) осы Заңда көзделген қызмет түрлерін қоспағанда, өзге кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға;

2) зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген мақсаттарға пайдалануға;

3) республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 100 еселенген мөлшерінен аспайтын сомада өзінің қызметкерлеріне қаржылай көмекті қоспағанда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті активтері есебінен өтеусіз негізде қаржылай көмек көрсетуге;

4) зейнетақы және (немесе) меншікті активтерді кепiлге беруге;

5) акциялардан басқа, бағалы қағаздарды шығаруға;

6) қарыз қаражатын тартуға;

7) қарыздарды кез келген тәсілдермен беруге;

8) кез келген түрдегі кепілгерліктер мен кепілдіктерді беруге;

9) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен еңбек шартын жасаспаған адамдарды осы баптың 9-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген міндеттерді орындау үшін тартуға;

10) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, заңды тұлғалар құруға және оның қызметіне қатысуға тыйым салынады.

 Ескерту. 34-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 10.01.2014 N 156-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.


Статья 1 ...32 33 34 35 36 ...74 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 34-бап Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V