Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Дербес деректер және оларды қорғау туралы

Дербес деректер және оларды қорғау туралы
3-бап. Осы Заңның қолданылуы



Ст. 3 Дербес деректер және оларды қорғау туралы 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V



1. Осы Заңмен дербес деректердi жинауға, өңдеуге және қорғауға байланысты қатынастар реттеледi.

2. Дербес деректердi жинау, өңдеу және қорғау ерекшелiктері өзге де заңдармен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен реттелуі мүмкін.

3. Осы Заңның күші:

1) егер бұл ретте басқа да жеке және (немесе) заңды тұлғалардың құқықтары және Қазақстан Республикасы заңдарының талаптары бұзылмаса, субъектілердің тек қана жеке және отбасылық мұқтаж үшін дербес деректерді жинауы, өңдеуі және қорғауы;

2) Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы заңнамасына сәйкес дербес деректердi қамтитын Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын және басқа да мұрағаттық құжаттарды қалыптастыру, сақтау және пайдалану;

3) «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік құпияларға жатқызылған дербес деректерді жинау, өңдеу және қорғау;

4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектерде барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметі, сондай-ақ қорғалатын тұлғалар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс-шараларын жүзеге асыру барысында дербес деректерді жинау, өңдеу және қорғау кезiнде туындайтын қатынастарға қолданылмайды.

Статья 1 2 3 4 5 ...31 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 3-бап Дербес деректер және оларды қорғау туралы 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V