Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Жаңартылатын энергия көздерiн пайдалануды қолдау туралы
4-бап. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары



Ст. 4 Жаңартылатын энергия көздерiн пайдалануды қолдау туралы 2009 жылғы 4 шілдедегі N 165-IV



Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы мемлекеттік реттеу мынадай негізгі: 

1) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін салу және пайдалану үшін қолайлы жағдайлар жасау; 

2) жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруді ынталандыру; 

3) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін жобалауды, салуды және пайдалануды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес инвестициялық преференциялар беру; 

4) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін бірыңғай электр энергетикасына, жылу жүйесіне, электр және жылу энергиясының нарығына тиімді ықпалдастыру үшін қолайлы жағдайлар жасау; 

5) Қазақстан Республикасының парник газдары шығарындыларын азайту жөніндегі халықаралық міндеттемелерін орындауға жәрдемдесу бағыттары бойынша жүзеге асырылады. 

Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 04.07.2013 № 128-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.04.2016 № 506-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 2 3 4 5 6 ...12 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Жаңартылатын энергия көздерiн пайдалануды қолдау туралы 2009 жылғы 4 шілдедегі N 165-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 4-бап Жаңартылатын энергия көздерiн пайдалануды қолдау туралы 2009 жылғы 4 шілдедегі N 165-IV