Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Саяси партиялар туралы

Саяси партиялар туралы
13-бап. Саяси партияның қызметiн тоқтата тұру



Ст. 13 Саяси партиялар туралы 2002 жылғы 15 шілдедегі N 344



1. Саяси партияның қызметi соттың шешiмi бойынша үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге:  

1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын бұзған;  

2) саяси партияның жарғысына қайшы келетiн қызметтi үнемi жүзеге асырған;  

3) саяси партия басшыларының экстремизмдi жүзеге асыруға бағытталған жария шақыруы мен сөйлеген сөздерi орын алған;  

4) саяси партия мүшелерiнiң саны осы Заңның 10-бабы 6-тармағының талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда тоқтатыла тұруы мүмкiн.  

2. Саяси партияның қызметi тоқтатылып тұрған кезеңде партияның басшылары мен мүшелеріне бұқаралық ақпарат құралдарында партия атынан сөйлеуге, жиналыстар, митингiлер және өзге де жария сөз сөйлеудi ұйымдастыруға және өткiзуге тыйым салынады, сондай-ақ еңбек шарттары, оның қызметi салдарынан келтiрiлген залалдың орнын толтыру және айыппұлдар төлеу жөнiндегi есеп айырысуларды қоспағанда, саяси партияның банктiк шоттары бойынша шығыс операциялары тоқтатыла тұрады.  

3. Егер саяси партияның қызметiн тоқтата тұрудың белгiленген мерзiмi iшiнде тәртiп бұзушылықтар жойылатын болса, саяси партия өз қызметiн қайта бастайды.  

4. Саяси партияның орын алған тәртiп бұзушылықты жойғандығы фактiсiн саяси партияның қызметiн тоқтата тұру туралы шешiм шығарған сот анықтайды.

Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.02.23. № 33 Заңымен, 2005 жылғы 8 шілдедегі № 67-ІІІ Заңымен (Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз).

Статья 1 ...11 12 13 14 15 ...22 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 13-бап Саяси партиялар туралы 2002 жылғы 15 шілдедегі N 344