Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететiн арнаулы мекемелерде ұстау тәртiбi мен шарттары туралы

Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететiн арнаулы мекемелерде ұстау тәртiбi мен шарттары туралы
46-4-бап. Қабылдау-бөлу орындарында ұстау режимі



Ст. 46-4 Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететiн арнаулы мекемелерде ұстау тәртiбi мен шартта 1999 жылғы 30 наурыздағы N 353-І



1. Қабылдау-бөлу орындарында ұсталушы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және олардың өз бетінше кету мүмкіндігін болғызбайтын режим белгіленеді. Қабылдау-бөлу орнында ұстау, үй-жайды жабдықтау шарттары, күн тәртібі Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі бекітетін қабылдау-бөлу орнындағы ішкі тәртіп қағидаларында айқындалады. 

2. Қабылдау-бөлу орындарында ұсталушы, белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдар күзетте ұсталатындар және уақытша ұстау изоляторындағылар үшін белгіленген нормалар бойынша тамақпен қамтамасыз етіледі. 

Егер ұсталғандармен бірге балалар болса, олар сот шешімі бойынша бөлек камераға бірге орналастырылып, Қазақстан Республикасының кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы туралы заңнамасына сәйкес тамақпен қамтамасыз етілуі мүмкін. 

3. Қабылдау-бөлу орнына орналастырылған ер адамдар әйел адамдардан бөлек ұсталады. 

4. Қабылдау-бөлу орнында ұсталушы адамдарға "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дене күші және арнайы құралдар қолданылуы мүмкін.

Статья 1 ...46-2 46-3 46-4 46-5 46-6 ...51 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 46-4-бап Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететiн арнаулы мекемелерде ұстау тәртiбi мен шартта 1999 жылғы 30 наурыздағы N 353-І