Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Кәсiптiк одақтар туралы
8-бап. Кәсiптiк одақтың құрылуы



Ст. 8 Кәсiптiк одақтар туралы



Кәсiптiк одақ кемiнде он адамнан тұратын азаматтар тобының бастамасымен құрылады, олар құрылтай съезiн (конференциясын, жиналысын) шақырып, онда одақтың жарғысы бекiтiледi және басшы органдары құрылады.

Мүшелiкке өту және одан шығу шарттары мен тәртiбi кәсiптiк одақтың жарғысымен белгiленедi.

Кәсiптiк одақтың заңды ұйым ретiнде құқылық қабiлетi ол тiркелген кезден пайда болады.

Кәсiптiк одақтарды тiркеу "Қоғамдық бiрлестiктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргiзiледi.

Тiркеушi орган кәсiподақтардың қызметiне бақылау жасамайды.

Ескерту. 8-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 1995.10.05. N 2489 Заң күшi бар Жарлығымен, 2009.04.29. N 154-IV Заңымен.

Статья 1 ...6 7 8 9 10 ...24 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Кәсiптiк одақтар туралы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 8-бап Кәсiптiк одақтар туралы