Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Кәсiптiк одақтар туралы
10-бап. Кәсіподақты мемлекеттік тіркеу, қайта ұйымдастыру және тарату

Ст. 10 Кәсiптiк одақтар туралы 2014 жылғы 27 маусымдағы № 211-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.04.2018

1. Кәсіподақты мемлекеттiк тiркеу Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасына сәйкес жүргізіледі. 

Кәсіподақты мемлекеттiк тiркеу үшін қажеттi құжаттар тiркеушi органға кәсіподақтың құрылтай съезi (конференциясы, жиналысы) өткiзiлген күннен бастап екі айдан кешiктiрiлмей ұсынылады. 

2. Республикалық, аумақтық кәсіподақтар бірлестіктері, салалық және жергілікті кәсіподақтар тiркелген күннен бастап алты ай өткенге дейін өздерін тіркеген органға осы Заңның 11-бабының 3-тармағында, 12-бабының 3-тармағында, 13-бабының 2 және 3-тармақтарында және 14-бабының 4-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келуін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынуға міндетті. 

3. Осы баптың 2-тармағында көзделген талаптарды сақтамау республикалық, аумақтық кәсіподақтар бірлестіктерінің, салалық және жергілікті кәсіподақтардың оларды тіркеген органдар мәліметтері негізінде облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана жергілікті атқарушы органдарының жүгінуі бойынша сот тәртібімен таратылуына алып келеді. 

4. Алып тасталды - ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

5. Кәсiподақты қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі. 

Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3-тарау. КӘСІПОДАҚТАРДЫҢ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ БІРЛЕСТІКТЕРІНІҢ МӘРТЕБЕСІ

Статья 1 ...8 9 10 11 12 ...34

Перейти к статье






Добавить комментарий к 10-бап Кәсiптiк одақтар туралы 2014 жылғы 27 маусымдағы № 211-V ҚРЗ