Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 47-3 Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.09.2018

Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы
47-3-бап. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларына қойылатын талаптар

1. Мынадай: 

1) заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған соттылығы бар; 

2) қылмыс жасады деп күдік келтірілген немесе айыпталған; 

3) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адамдар; 

4) судьялар, адвокаттар, мемлекеттік қызметшілер және әскери қызметшілер, сондай-ақ құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері; 

5) психиатрда және (немесе) наркологта есепте тұратын адамдар ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары бола алмайды. 

2. Қасақана қылмыс жасағаны үшін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған; теріс себептер бойынша мемлекеттік немесе әскери қызметтен, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардан, соттардан босатылған немесе адвокаттар алқасынан шығарылған; адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиядан айырылған адамдар да ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары бола алмайды. 

Ескерту. Заң 47-3-баппен толықтырылды - ҚР 02.07.2013 № 111-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...47‑1 47‑2 47‑3 47‑4 47‑5 ...53

Перейти к статье






Добавить комментарий к 47-3-бап Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345