Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы
47-4-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының құқықтары



Ст. 47-4 Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345



1. Ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушысы:

1) алдын ала болуға жататын ұйымдарда ұсталатын адамдардың саны, осындай ұйымдардың саны және олардың орналасқан жері туралы ақпарат алуға;

2) алдын ала болуға жататын ұйымдарда ұсталатын адамдармен қарым-қатынас жасауға, сондай-ақ оларды ұстау жағдайларына қатысты ақпаратқа қол жеткізе алуға;

3) алдын ала болуды құрылған топтардың құрамында белгіленген тәртіппен жүзеге асыруға;

4) алдын ала болуға жататын ұйымдарда ұсталатын адамдармен және (немесе) олардың заңды өкілдерімен куәларсыз, жеке өзі немесе қажет болған кезде аудармашы арқылы, сондай-ақ ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының пiкiрi бойынша тиiстi ақпарат бере алатын кез келген басқа адаммен әңгімелесулер өткiзуге;

5) алдын ала болуға жататын ұйымдарды кедергісіз таңдауға және оларда болуға;

6) азаптаудың және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің қолданылғаны туралы хабарламалар мен шағымдарды қабылдауға құқылы.

2. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушысы заңды қызметін жүзеге асырған кезде тәуелсіз болып табылады.

 Ескерту. Заң 47-4-баппен толықтырылды - ҚР 02.07.2013 № 111-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...47-2 47-3 47-4 47-5 47-6 ...53 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 47-4-бап Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345