Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы
4-бап. Республика Үкiметiнiң өкiлеттiк мерзiмi



Ст. 4 Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы 1995 жылғы 18 желтоқсандағы N 2688



1. Республика Үкiметi Президенттiң өкiлеттiк мерзiмi бiткенше iс-қимыл жасайды және жаңадан сайланған Республика Президентi алдында өзiнiң өкiлеттiгiн доғарады. Республика Үкiметiнiң жаңа құрамы бекiтiлгенге дейiн Республика Үкiметi өз мiндеттерiн атқара бередi.

2. Республиканың жаңадан сайланған Президентiнiң алдында өкiлеттiгiн доғару Үкiметтiң жаңадан сайланған Мемлекет басшысының атына жолданған және Үкiмет мүшелерi қол қойған жазбаша өтiнiш беру арқылы жүзеге асырылады.

Өкiлеттiктi доғару туралы өтiнiш жаңадан сайланған Мемлекет басшысы қызметке ресми кiрiскеннен кейiн берiледi.

Үкiметтiң өкiлеттiгiн доғаруы оның мүшелерiнiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi.

3. Республиканың Премьер-Министрі жаңадан сайланған Парламент Мәжілісінің алдында Үкіметке сенім туралы мәселені Парламент Мәжілісіне жолданатын жазбаша өтініш арқылы қояды.

Мәжіліс сенім білдірген жағдайда, егер Республика Президенті өзгеше шешім қабылдамаса, Үкімет өз міндеттерін атқаруды жалғастыра береді.

Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының
1999.05.06. N 379, 2007.06.19. N 267 Конституциялық Заңдарымен.

Статья 1 ...3 3-1 4 5 6 ...27 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы 1995 жылғы 18 желтоқсандағы N 2688 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 4-бап Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы 1995 жылғы 18 желтоқсандағы N 2688