Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 7 Алқабилер туралы 2006 жылғы 16 қаңтардағы N 121


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.04.2024

Алқабилер туралы
7-бап. Алқабиге кандидаттардың қосалқы тiзiмiн жасау рәсiмi

1. Алқабиге кандидаттардың қосалқы тiзiмiн жасау үшiн облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы:

1) облыс орталығында (республикалық маңызы бар қалада, астанада) тұрақты тұратын азаматтар қатарынан алқабиге кандидаттардың саны туралы облыстық және оған теңестiрiлген сот төрағасының ұсынуын алған күннен бастап бiр ай мерзiмде облыс орталығында не басқа тиiстi облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) соты тұрақты орналасқан жерде тұрақты тұратын азаматтар қатарынан сайлаушылар тiзiмдерiнің негізінде, осы Заңның 10-бабында белгiленген алқабиге кандидаттарға қойылатын талаптарға сай келмейтiн адамдарды сайлаушылардың мұндай тiзiмдерiнен шығарып тастау арқылы, алқабиге кандидаттардың алдын ала қосалқы тiзiмiн жасайды;

2) алқабиге кандидаттардың алдын ала қосалқы тiзiмiн жасау аяқталған кезден бастап жетi күн мерзiм iшiнде азаматтардың жергiлiкті атқарушы органның үй-жайында алқабиге кандидаттардың алдын ала қосалқы тізiмiмен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етедi, тiзiмдегi қателер мен дәлсіздіктер туралы өтініштерді қарайды және оған тиісті өзгерiстер енгiзу туралы мәселелердi шешедi;

3) алқабиге кандидаттардың алдын ала қосалқы тiзiмiнен алқабиге кандидаттардың бiрыңғай тiзiмiне енгізілетін азаматтар санының төрттен бiрiне тең санда азаматтарды кездейсоқ таңдап алуды жүргiзедi;

4) кездейсоқ таңдап алу нәтижелерi бойынша алқабиге кандидаттардың қосалқы тiзiмiн жасайды, оны облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiліктi атқарушы органының мөрiмен бекiтедi.

2. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органының осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жүзеге асыратын әрекеттерiне, сондай-ақ облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органының азаматтардың алқаби ретiнде қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысу үшiн iрiктеу рәсiмдерiне қатысуға құқықтарын бұзатын әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алқабиге кандидаттардың алдын ала қосалқы тiзiмiмен азаматтарды таныстыру мерзiмi аяқталған кезден бастап жетi күн мерзiмде сотқа шағым жасалуы мүмкiн.

3. Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген рәсiм облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органының шешiмдерiне шағым жасау мерзiмi аяқталғаннан кейiн жүргiзiледi.

4. Осы бапта көзделген рәсiмдердi жүргiзудiң жалпы мерзiмi облыстық және оған теңестiрiлген сот төрағасының облыстан (республикалық маңызы бар қаладан, астанадан) алқабиге кандидаттардың саны туралы ұсынуын алған күннен бастап екi айдан аспауға тиiс.

Статья 1 ...5 6 7 8 9 ...19

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть


дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое


13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться