Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы
6-5-бап. Жобалық қаржыландыру кезінде талап ету құқықтарын беру



Ст. 6-5 Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы 2006 жылғы 20 ақпандағы N 126



1. Орындаушы кредиторларға немесе арнайы қаржы компаниясына өзіне тиесілі талап ету құқығын береді. Берілетін талап етулерге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салынбауға тиіс. Берілетін талап ету құқықтарын беру талаптары мен көлемі шартта айқындалады.

2. Жобалық қаржыландыру кезінде талап ету құқықтарын беру шарты Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 346-бабында белгіленген талаптар сақтала отырып, жазбаша нысанда жасалуға тиіс. Талап ету құқықтарын беру шартының жазбаша нысанын сақтамау оның жарамсыздығына әкеп соқтырады.

3. Орындаушы болашақтағы талап етуін берген кезде осы құқықты өзге тұлғаларға беру мүмкіндігінсіз талап ету құқығын беру шартын жасасқан сәтте ол кредиторларға немесе арнайы қаржы компаниясына ауысады.

4. Орындаушы кредиторлардың немесе арнайы қаржы компаниясының алдында оларға берілген талап ету құқықтарының шынайылығы үшін жауап береді, бірақ, егер талап ету құқығын беру шартында өзгеше көзделмесе, тапсырыс берушінің және базалық шарт бойынша түзілген мүлікті пайдалануды жүзеге асыратын тұлғалардың осы талапты орындамағаны үшін жауап бермейді.

5. Егер базалық шартта өзгеше көзделмесе, базалық шарт бойынша түзілген мүлікті пайдалануға берген кезден бастап талап ету құқығы қойылуы мүмкін.

Статья 1 ...6-3 6-4 6-5 6-6 6-7 ...16 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы 2006 жылғы 20 ақпандағы N 126 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 6-5-бап Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы 2006 жылғы 20 ақпандағы N 126