Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы
6-бап. Арнайы қаржы компаниясын ерікті түрде қайта ұйымдастыру немесе тарату



Ст. 6 Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы 2006 жылғы 20 ақпандағы N 126



1. Арнайы қаржы компаниясын ерікті түрде қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешімді оның қатысушылары немесе акционерлері:

1) бөлінген активтермен қамтамасыз етілген барлық міндеттемелердің орындалу қорытындылары туралы есеп бекітілгеннен кейін;

2) бөлінген активтермен қамтамасыз етілген міндеттемелер орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда, оның барлық кредиторларының келісімі болған кезде қабылдай алады.

2. Алып тасталды - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3. Арнайы қаржы компаниясы таратылған кезде бөлінген активтерді өндіріп алуға жол берілмейді. Бөлінген активтер барлық кредиторларға немесе құқықтық мирасқорларына олардың талаптарының сомаларына пропорционалды түрде беріледі.

 Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.12 N 539-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
2-1-тарау. Бөлінген активтер
 Ескерту. Заң 2-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2012.01.12 N 539-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...5 5-1 6 6-1 6-2 ...16 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы 2006 жылғы 20 ақпандағы N 126 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 6-бап Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы 2006 жылғы 20 ақпандағы N 126