Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Кәсiптiк одақтар туралы

Кәсiптiк одақтар туралы
18-бап. Кәсiподақ мүшелерiнiң еңбек, әлеуметтiк-экономикалық құқықтары мен мүдделерiн қорғау



Ст. 18 Кәсiптiк одақтар туралы 2014 жылғы 27 маусымдағы № 211-V ҚРЗ



1. Кәсiподақтар жұмыс берушіден тәуелсіз болып табылады және кәсіподақ органдары арқылы жұмыс берушімен қарым-қатынастарда өз мүшелерiнің атынан өкілдік етеді, олардың еңбек және әлеуметтiк құқықтары мен мүдделерiн:

1) құқықтық және консультациялық көмек көрсету, оның ішінде кәсiподақ мүшесi жұмыс берушiмен еңбек шартын жасасқан кезде көмек көрсету;

2) еңбек шартын тоқтатудың негізділігі туралы уәжді пікір білдіру, өз мүшелерінің еңбек жағдайларын ұжымдық шартқа, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес келісу;

3) өз мүшелерiнiң құқықтарын және Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын мүдделерiн қорғау үшін сотқа арызбен жүгiну;

4) өз мүшелерi, сондай-ақ өзіне шарттық негізде уәкілеттік берген қызметкерлердің атынан жұмыс берушiмен ұжымдық шарт, келiсiм жасасу;

5) жеке еңбек дауларын қарау жөніндегі келісім комиссиясының, ұжымдық еңбек дауларын қарау кезінде татуластыру комиссиясының және еңбек төрелігінің құрамына қатысу арқылы қорғайды.

2. Өз мүшелерiнiң еңбек, әлеуметтiк-экономикалық құқықтары мен мүдделерiн қорғау мақсатында кәсiподақтар Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн барлық басқа да тәсілдерді пайдалана алады.

Статья 1 ...16 17 18 19 20 ...34 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 18-бап Кәсiптiк одақтар туралы 2014 жылғы 27 маусымдағы № 211-V ҚРЗ