Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Құқық бұзушылық профилактикасы туралы
19-бап. Үйлестіру қызметінің нысандары



Ст. 19 Құқық бұзушылық профилактикасы туралы 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 271-IV



1. Құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің қызметін үйлестіруді құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиялар мынадай негізгі: 

1) құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлеу; 

2) ақпаратпен алмасу; 

3) оң тәжірибені зерделеу және тарату; 

4) бірлескен жедел-профилактикалық іс-шараларды өткізу; 

5) отырыстар мен кеңестер өткізу; 

6) бюллетеньдер (жинақтар) және басқа да ақпараттық басылымдар шығару нысандарында жүзеге асырады. 

2. Құқық бұзушылық профилактикасы субъектілері өздеріне белгілі болған, мемлекеттік органдардың құзыретіне жататын, дайындалып жатқан немесе жасалған құқық бұзушылық фактілері туралы осы органдарға дереу хабарлауға міндетті. 

3-тарау. ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫНЫҢ ШАРАЛАРЫ


Статья 1 ...17 18 19 20 21 ...31 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 19-бап Құқық бұзушылық профилактикасы туралы 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 271-IV