Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы
6-бап. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалу профилактикасының жүйесi



Ст. 6 Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз жә 2004 жылғы 9 шілдедегі N 591



1. Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу жүйесiне iшкi iстер, білім беру, денсаулық сақтау органдары, халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыруды үйлестiретiн мемлекеттік орган, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар, кәмелетке толмағандардың iстерi және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялар және өз құзыретi шегiнде өзге де мемлекеттік органдар кiредi.

2. Iшкi iстер, білім беру, денсаулық сақтау органдарында және жергiлiктi атқарушы органдарда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жөніндегі жекелеген функцияларды жүзеге асыратын мекемелер құрылуы мүмкiн.

3. Өзге ұйымдар кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар, қадағалаусыз және панасыз қалу жағдайының профилактикасына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қатысады.

Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілдi - ҚР 2012.01.18 N 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

2-тарау. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы саласындағы мемлекеттік органдар мен мекемелердің функциялары және өкілеттіктері


Статья 1 ...4 5 6 7 8 ...36 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 6-бап Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз жә 2004 жылғы 9 шілдедегі N 591