Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы
8-бап. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың құзыретi



Ст. 8 Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз жә 2004 жылғы 9 шілдедегі N 591



1. Жергiлiктi өкiлдi органдар өз құзыретi шегiнде:

1) жергiлiктi бюджеттердi кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасына арналған шығыстар бөлiгiнде бекiтедi және олардың атқарылуын бақылайды;

2) кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссиялардың құрамын бекiтедi;

3) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету жөнiндегi өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

2. Жергiлiктi атқарушы органдар кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы саласындағы өз жұмысын жергiлiктi мемлекеттiк басқару деңгейлерiне сәйкес және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген құзыретi шегiнде ұйымдастырады.

3. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары:

1) кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссиялардың дербес құрамын бекiту үшiн тиiстi мәслихаттарға ұсынады және олардың жұмысын ұйымдастырады;

2) өмiрде қиын жағдайға душар болған кәмелетке толмағандардың және жайсыз отбасылардың өңiрлiк есебiн жүргiзедi;

3) өмiрде қиын жағдайға душар болған кәмелетке толмағандарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жұмысқа орналастыру және тұрмыстық жағдайын жасау, өзге де көмектер көрсету жөнiндегi шараларды қолданады;

4) қызметтерi кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы, жасөспiрiмдердiң салауатты өмiр салтын насихаттау, құқықтық сауаттылығын арттыру жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға байланысты коммерциялық емес және өзге де ұйымдарға ұйымдастырушылық-әдiстемелiк көмек көрсетедi;

4-1) үш жастан он сегiз жасқа дейiнгi қадағалаусыз және панасыз қалған кәмелетке толмағандарды, ата-анасының немесе оларды алмастырушы адамдардың қамқорлығынсыз қалған, сондай-ақ арнаулы білім беру ұйымдарына жіберілетін кәмелетке толмағандарды заңда белгіленген тәртіппен бейімдеу орталықтарында ұстайды;

5) кәмелетке толмағандар үшiн, оның iшiнде бала құқығын қорғау жөнiндегi мiндеттердi жүзеге асыратын ұйымдардың әлеуметтiк инфрақұрылымының қалыптасуын қамтамасыз етедi және олардың қызметтерiнiң мониторингiн жүргiзедi.

4. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары:

1) кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссиялардың дербес құрамын бекiту үшiн тиiстi мәслихаттарға ұсынады және олардың жұмысын ұйымдастырады;

2) өмiрде қиын жағдайға душар болған кәмелетке толмағандардың және тұрмысы қолайсыз отбасылардың дербес есебiн жүргiзедi;

3) кәмелетке толмағандарға арналған әлеуметтiк инфрақұрылымның қалыптасуына жәрдемдеседi;

4) өмiрде қиын жағдайға душар болған кәмелетке толмағандарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жұмысқа орналастыру және оларға тұрмыстық жағдай жасау, өзге де көмек көрсету жөнiндегi шараларды қолданады;

5) қызметтерi кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы, жасөспiрiмдердiң салауатты өмiр салтын насихаттау, құқықтық сауаттылығын арттыру жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға байланысты коммерциялық емес және өзге де ұйымдарға ұйымдастырушылық-әдiстемелiк көмек көрсетедi.

Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...6 7 8 9 10 ...36 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 8-бап Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз жә 2004 жылғы 9 шілдедегі N 591