Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi өнеркәсiптiк қауiпсiздiк туралы

Қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi өнеркәсiптiк қауiпсiздiк туралы
15-6-бап. Жоспарлы тексерулердi өндiрiстiк объектiнiң  тәуекел дәрежесiне қарай жүзеге асыру



Ст. 15-6 Қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi өнеркәсiптiк қауiпсiздiк туралы



1. Тәуекелi жоғары дәрежедегi объектiлерге өнеркәсiптiк қауiпсiздiгi мiндеттi түрде декларациялануға тиiс объектiлер жатады.

Бұл объектiлердi жоспарлы тексерулер жылына бiр рет жүзеге асырылады.

2. Тәуекелi орташа дәрежедегi объектiлерге технологиялық процесi тоқытылатын және өндiрiс персоналының өмiрi мен денсаулығына зиян келтiретiн авария, инцидент туындауы мүмкiн объектiлер жатады.

Бұл объектiлердi жоспарлы тексерулер үш жылда бiр рет жүзеге асырылады.

3. Тәуекелi болмашы дәрежедегi объектiлерге техникалық құрылғылар бүлiнетiн және қызмет көрсететiн персоналдың өмiрi мен денсаулығына зиян келтiретiн авария, инцидент болуы мүмкiн объектiлер жатады.

Бұл объектiлердi жоспарлы тексерулер бес жылда бiр рет жүзеге асырылады.

4. Тәуекелi ең төменгi деңгейге дейiн жеткiзiлген осы санаттағы объектiлер қауiптiлiктiң келесi санатына ауысады.

Тәуекелi төменгi деңгейдегi осы санаттағы объектiлер үшiн тексерулер көбейе түсетiн үрдiсi бар тәуекел факторлары бойынша жүзеге асырылады.

Ескерту. Заң 15-6-баппен толықтырылды - ҚР 2010.05.04 № 275-IV Заңымен.  

Статья 1 ...15-4 15-5 15-6 16 17 Прил 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 15-6-бап Қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi өнеркәсiптiк қауiпсiздiк туралы