Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы

Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы
20-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық



Ст. 20 Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс 2009 жылғы 28 тамыздағы N 191-IV



 Ескерту. 20-баптың тақырыбына өзгерістер енгізілді - ҚР 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1. Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

2. Уәкілетті органның және өзге де мемлекеттік органдардың қызметкерлері, сондай-ақ өздерінің қызметтік міндеттерін жүзеге асыруға орай қызметтік, коммерциялық, банктік немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратқа, мәліметтер мен құжаттарға қол жеткізе алатын адамдар, оларды жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

3. Уәкілетті органның өз функцияларын орындауына байланысты уәкілетті органның немесе оның қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттерінен жеке және заңды тұлғаларға келтірілген зиян Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелуге жатады.

 Ескерту. 20-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.08.2015 № 343-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...18 19 20 21 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 20-бап Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс 2009 жылғы 28 тамыздағы N 191-IV