Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Терроризмге қарсы iс-қимыл туралы

Терроризмге қарсы iс-қимыл туралы
13-бап. Оралымды штабтар



Ст. 13 Терроризмге қарсы iс-қимыл туралы 1999 жылғы 13 шілдедегі N 416-I



1. Терроризмге қарсы іс-қимыл жасау мақсатында тұрақты жұмыс істейтін республикалық және облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жедел штабтары құрылады. 

2. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы республикалық жедел штабтың басшысы болып табылады. 

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органының бастығы облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) жедел штабтың басшысы болып табылады. 

3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінiң бастығы "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес күзетiлуге жататын адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған терроризмге қарсы операцияны өткiзу кезiнде республикалық жедел штабтың басшысы болып табылады. 

Облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) жедел штабтың басшысын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы республикалық жедел штабтың құрамына кіретін мемлекеттік органдардың немесе олардың аумақтық органдарының өкілдері қатарынан тағайындайды. 

4. Республикалық оралымды штабтың құрамына терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың және өз құзыреті шегінде терроризмге қарсы операциялар жүргізуге қажетті көмек көрсете алатын өзге де мемлекеттік органдардың басшылары кіреді. 

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жедел штабының құрамына терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің және терроризмге қарсы операция жүргізуге өз құзыреті шегінде қажетті көмек көрсете алатын өзге де мемлекеттік органдардың басшылары кіреді. 

5. Республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтар туралы ережені Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. 

Ескерту. 13-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.04.08 № 266-IV Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2013.01.08 N 63-V (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2014 N 233-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 03.11.2014 N 244-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.


Статья 1 ...12 12-1 13 13-1 14 ...24 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 13-бап Терроризмге қарсы iс-қимыл туралы 1999 жылғы 13 шілдедегі N 416-I