Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Халықтың радиациялық қауiпсiздiгi туралы
13-бап. Медициналық процедуралар жүргiзу кезiнде азаматтардың радиациялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету



Ст. 13 Халықтың радиациялық қауiпсiздiгi туралы 1998 жылғы 23 сәуiрдегi N 219



1. Радиоизотоптарды немесе басқа да иондаушы сәулелену көздерiн пайдалану арқылы медициналық процедуралар жүргiзiлген кезде азаматтарды (пациенттердi) қорғаудың тиiстi құралдары пайдаланылады. Пациенттiң сәуле алу дозасы радиациялық қауiпсiздiк саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген деңгейден аспауға тиiс.

2. Медициналық процедуралар жүргiзiлген кезде пациентке алынатын және (немесе) алған сәуле дозалары туралы және оның әсерiнiң ықтимал зардаптары туралы толық ақпарат берiледi. Азаматтың (пациенттiң), эпидемиологиялық тұрғыдан қауiптi ауруларды анықтау мақсатында жүргiзiлетiн профилактикалық зерттеулердi қоспағанда, осындай медициналық процедуралардан бас тартуға құқығы бар.

3. Иондаушы сәулелену көздерiн пайдалану арқылы процедуралар жүргiзетiн медициналық ұйым, егер осындай себептiк байланыс сот тәртiбiмен дәлелденсе, пациент денсаулығына немесе өмiрiне келтiрiлетiн ықтимал терiс әсер үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.

4. Радиоизотоптар немесе басқа да иондаушы сәулелену көздерi пайдаланылатын барлық медициналық процедуралар үшiн медициналық ұйым осындай процедураларды жүргiзген кезде радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында медициналық қызметтер сапасын қамтамасыз ету бағдарламасын әзiрлеп, оны атом энергиясын пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органда бекiтедi.

5. Иондаушы сәулелену көздерi пайдаланылатын медициналық қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарында жұмысқа жiберiлген мамандардың бiлiктiлiгiне, оларды аттестаттау және қайта аттестаттау тәртiбiне қойылатын талаптар, даярлау және қайта даярлау бағдарламасы белгiленедi.

6. Ауруларға диагноз қою, олардың алдын алу және емдеу үшiн радиоактивтiк заттарды және басқа иондаушы сәулелену көздерiн денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен, пациенттердiң радиациялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарды қамтитын әдiстерге (әдiстемелерге) сәйкес қана пайдалануға рұқсат етiледi.

Ескерту. 13-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.12.29 № 209 Заңымен.

Статья 1 ...11 12 13 14 15 ...24 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Халықтың радиациялық қауiпсiздiгi туралы 1998 жылғы 23 сәуiрдегi N 219 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 13-бап Халықтың радиациялық қауiпсiздiгi туралы 1998 жылғы 23 сәуiрдегi N 219