Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Халықтың радиациялық қауiпсiздiгi туралы

Халықтың радиациялық қауiпсiздiгi туралы
11-бап. Табиғи радионуклидтердiң әсер етуi кезiнде радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету



Ст. 11 Халықтың радиациялық қауiпсiздiгi туралы 1998 жылғы 23 сәуiрдегi N 219



1. Радонның және басқа да табиғи радионуклидтердiң болуына байланысты халық пен қызметшiлердiң сәуле алуы тұрғын үйлер мен өндiрiстiк үй-жайларда белгiленген нормативтерден аспауға тиiс.

2. Халық пен қызметшiлердi табиғи радионуклидтердiң ықпалынан қорғау мақсатында:

үйлер мен ғимараттар құрылысы үшiн топырақтан радонның бөлiнуi деңгейiн және радиациялық аяны ескере отырып, жер учаскелерiн таңдау;

үйлер мен ғимараттарды осы үй-жайлардың ауасына радон түсуiне жол бермеудi ескере отырып жобалау және салу;

үй-жайлардың ауасындағы радонның болу деңгейiн және радиациялық аяны ескере отырып, құрылыс материалдарына өндiрiстiк бақылау жүргiзу, үйлер мен ғимараттарды пайдалануға қабылдап алу;

үйлер мен ғимараттарды олардағы радонның болу деңгейiн және радиациялық аяны ескере отырып пайдалану жүзеге асырылуға тиiс.

3. Үйлер мен ғимараттардағы радонның болу деңгейiн және радиациялық аяны кемiту арқылы нормативтердi орындау мүмкiн болмаған жағдайда олардың пайдаланылу сипаты өзгертiлуге тиiс.

4. Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарға сай келмейтiн құрылыс материалдары мен бұйымдарды пайдалануға тыйым салынады.

5. Халықтың табиғи сәулелену көздерiнен сәуле алу дозалары денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган олар үшiн белгiлеген нормалардан аспауға тиiс.

Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.12.29 № 209 Заңымен.

Статья 1 ...9 10 11 12 13 ...24 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 11-бап Халықтың радиациялық қауiпсiздiгi туралы 1998 жылғы 23 сәуiрдегi N 219