Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Халықтың радиациялық қауiпсiздiгi туралы
17-бап. Иондаушы сәулелендiру көздерiн пайдалана отырып қызметiн жүзеге асыратын ұйымдардың радиациялық авария кезiнде радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттерi



Ст. 17 Халықтың радиациялық қауiпсiздiгi туралы 1998 жылғы 23 сәуiрдегi N 219



Радиациялық авария жағдайында иондаушы сәулелендiру көздерiн пайдалана отырып қызметiн жүзеге асыратын ұйым:

радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк басқаруды, қадағалау мен бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға, сондай-ақ облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарына және сәуле алуы жоғары болуы мүмкiн аумақтар халқына радиациялық авария туралы дереу хабарлауға;

мемлекеттiк уәкiлеттi органдармен бiрлесе отырып, қызметшiлер мен халықты радиациялық авариялар мен оның зардаптарынан қорғау жөнiндегi шаралардың орындалуын қамтамасыз етуге;

радиациялық авария кезiнде зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету жөнiнде шаралар қолдануға;

радиоактивтi ластау ошағын оқшаулау және радиоактивтi заттардың қоршаған ортаға таралуына жол бермеу жөнiнде шаралар қолдануға;

радиациялық авария кезiнде радиациялық аварияның өршуiне және радиациялық жағдайдың өзгеруiне талдау жасап, болжам әзiрлеуге;

радиоактивтi авария жойылғаннан кейiн иондаушы сәулелендiру көздерiн пайдалана отырып қызметiн жүзеге асыратын ұйымдар аумағында радиациялық жағдайды қалпына келтiру жөнiнде шаралар қолдануға;

қызметшiлер мен халықтың жеке сәуле алу мөлшерiн бағалау жөнiнде және бұл деректердi денсаулық сақтау органдары мен басқа да уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға беру жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi.

Ескерту. 17-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20 № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

Статья 1 ...15 16 17 18 19 ...24 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Халықтың радиациялық қауiпсiздiгi туралы 1998 жылғы 23 сәуiрдегi N 219 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 17-бап Халықтың радиациялық қауiпсiздiгi туралы 1998 жылғы 23 сәуiрдегi N 219