Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Халықтың радиациялық қауiпсiздiгi туралы

Халықтың радиациялық қауiпсiздiгi туралы
16-бап. Авариялық даярлықты қамтамасыз ету



Ст. 16 Халықтың радиациялық қауiпсiздiгi туралы 1998 жылғы 23 сәуiрдегi N 219



Атом энергиясын пайдалануға байланысты қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарда:

ықтимал радиациялық авариялардың, олардың салдарының болжамы және радиациялық жағдайдың болжамы жасалып, уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiлген тiзбесi;

радиациялық авария болған кезде жедел шешiмдер қабылдау өлшемдерi және уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiлiп араласу деңгейi;

облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органымен, радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласында мемлекеттiк басқаруды, қадағалау мен бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен келiсiлген, қызметшiлер мен халықты радиациялық авариядан және оның зардаптарынан қорғау жөнiндегi шаралар жоспары;

радиациялық аварияны хабарлауға және оның зардаптарын жоюды қамтамасыз етуге арналған құралдар;

радиациялық зақымданудың алдын алуға арналған медициналық құралдар және радиациялық авария кезiнде зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету құралдары;

қызметшiлер арасынан құрылатын авариялық-құтқару құрамалары болуға мiндеттi.

Ескерту. 16-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20 № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.12.29 № 209 Заңдарымен.

Статья 1 ...14 15 16 17 18 ...24 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 16-бап Халықтың радиациялық қауiпсiздiгi туралы 1998 жылғы 23 сәуiрдегi N 219