Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Рұқсаттар және хабарламалар туралы

Рұқсаттар және хабарламалар туралы
15-бап. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның құзыреті



Ст. 15 Рұқсаттар және хабарламалар туралы 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V ҚРЗ



Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның құзыретіне:

1) автоматтандыруға жататын және жатпайтын рұқсаттардың тізбесін бекіту туралы бірлескен бұйрықты рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен бірге әзірлеу және бекіту;

2) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен келісу және оларды бекіту;

2-1) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеу, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен келісу және оларды бекіту;

3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.

 Ескерту. 15-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз). 
3-тарау. ҚЫЗМЕТТІ НЕМЕСЕ ӘРЕКЕТТЕРДІ (ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ) ЖҮЗЕГЕ
АСЫРУДЫҢ РҰҚСАТ БЕРУ ЖӘНЕ ХАБАРЛАМА ЖАСАУ ТӘРТІБІ

Статья 1 ...13 14 15 16 17 ...53 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 15-бап Рұқсаттар және хабарламалар туралы 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V ҚРЗ