Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Рұқсаттар және хабарламалар туралы
6-бап. Рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін енгізудің негізділігі және тиімділігі



Ст. 6 Рұқсаттар және хабарламалар туралы 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V ҚРЗ



1. Рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін енгізудің негізділігі және тиімділігі мемлекеттік реттеу мақсатына қол жеткізуде негіздеудің, келісудің және олардың тиімділігіне мониторинг жүргізудің міндетті рәсімдерін енгізу арқылы қамтамасыз етіледі.

2. Рұқсаттарды беру кезінде, сондай-ақ өзге жағдайларда алынатын алымдардың немесе төлемдердің мөлшері мемлекеттің рұқсат беру тәртібін әкімшілендіруге жұмсалатын шығындарын өтеу қажеттігіне байланысты айқындалуға тиіс.

Реттеу шектеуші сипатта болған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарымен рұқсаттар беру кезінде алымдарды немесе төлемдерді алу және олардың мөлшері мүлік цензі және нарыққа кіру үшін шектеу ретінде, сондай-ақ қауіптілік деңгейі жоғары қызметке немесе шектеулі ресурстар немесе квотаны пайдалану қызметіне берілетін рұқсаттарға қатысты көзделуі мүмкін.

3. Енгізілген рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібінің жүктемесі реттеушілік әсерді талдау арқылы өлшенуге және бағалануға тиіс.

4. Реттеу құралдарын таңдау қызмет түрлеріне немесе әрекеттерге (операцияларға) және жекеше кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты тәуекелдерді бағалау және басқару қағидаттары негізге алына отырып жүзеге асырылады.

Әртүрлі жекеше кәсіпкерлік субъектілерінің алдағы қызметіне немесе әрекетіне (операциясына) байланысты қауіптілік деңгейіне қарай қызметтің бір түрі немесе әрекет (операция) шеңберінде рұқсат алу немесе хабарлама жіберу жөнінде талап белгіленуі мүмкін.

5. Рұқсат беру тәртібі, егер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өнімге қойылатын талаптар, сәйкестікті міндетті растау жөніндегі талаптар мемлекеттік реттеу мақсаттарына қол жеткізу үшін жеткіліксіз болған жағдайларда белгіленеді.

Статья 1 ...4 5 6 7 8 ...53 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Рұқсаттар және хабарламалар туралы 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 6-бап Рұқсаттар және хабарламалар туралы 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V ҚРЗ