Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Оңалту және банкроттық туралы

Оңалту және банкроттық туралы
28-бап. Кредиторлар комитетінің шешім қабылдауы



Ст. 28 Оңалту және банкроттық туралы 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚРЗ



1. Кредиторлар комитетінің отырысы комитет мүшелерінің кемінде төрттен үші қатысқан кезде заңды болып табылады.

2. Кредиторлар комитетінің шешімі «комитеттің бір мүшесі – бір дауыс» қағидаты бойынша кредиторлар комитеті мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады.

Дауыс беру рәсімінде дауыстар тең болған кезде кредиторлар комитетінің төрағасына шешуші дауыс құқығы беріледі.

3. Кредиторлар комитетінің отырысы хаттамамен ресімделеді.

Хаттамада отырыстың өткізілген күні мен орны, дауыс беруге қатысқан кредиторлар комитетінің мүшелері, күн тәртібі, дауыс беру нәтижелері мен қабылданған шешімдер туралы мәліметтер қамтылуға тиіс. Хаттамаға дауыс беруге қатысқан кредиторлар комитетінің барлық мүшелері мен әкімші қол қояды және ол борышкердің мөрімен (ол болған кезде) куәландырылады.

Әкімші хаттамаға қол қойылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде оны уәкілетті органға, кредиторлар комитетінің мүшелеріне жібереді. Хаттаманың бір данасы әкімшіде болады.

4. Кредиторлардың, борышкер мүлкінің меншік иесінің (олар уәкілеттік берген органдардың), құрылтайшылардың (қатысушылардың) кредиторлар комитетінің отырысына қатысуға құқығы бар.

Ескерту. 28-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 
2-1-тарау. Төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімі
 Ескерту. Заң 2-1-тараумен толықтырылды - ҚР 13.11.2015 № 399-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...26 27 28 28-1 28-2 ...128 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 28-бап Оңалту және банкроттық туралы 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚРЗ