Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Оңалту және банкроттық туралы

Оңалту және банкроттық туралы
70-бап. Уақытша әкімшінің өкілеттіктері



Ст. 70 Оңалту және банкроттық туралы 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚРЗ




1. Уақытша әкімші:

1) оңалту жоспарымен танысуға;

2) кредиторлардан мәлімделген талаптардың негізі мен сомасын растайтын құжаттарды сұратуға құқылы.

2. Уақытша әкімші:

1) борышкердiң кәдiмгi коммерциялық операциялар шеңберiнен тыс мәмілені келісу туралы өтінішін бес жұмыс күні ішінде қарауға;

2) осы Заңда көзделген жағдайда сотқа оңалту жоспарының тиімділігі (тиімсіздігі) туралы қорытындыны уәкілетті орган белгілеген нысанда ұсынуға;

3) кредиторлар талаптары мәлімделген кезден бастап он жұмыс күні ішінде оларды қарауға және танылған талаптарды тізілімге енгізуге;

4) кредитордың талаптарын қарау нәтижелері туралы (толық көлемде немесе бір бөлігінде тану немесе танымау туралы) шешім қабылдаған күннен кейінгі күні оны жазбаша (танымау себептерін көрсете отырып) хабардар етуге;

5) осы Заңның 82-бабының 6-тармағында көзделген жағдайларда негіздердің бірі басталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оңалту рәсімін тоқтату туралы өтінішпен сотқа жүгінуге;

6) осы Заңның 75-бабының 1-тармағында белгіленген мерзімде өтетін кредиторлардың алғашқы жиналысының өткізілу орны мен күні туралы барлық кредиторларға хабарлауға;

7) оңалту рәсімі қолданылған кезден бастап екі айдан аспайтын мерзімде кредиторлар талаптарының тізілімін, сондай-ақ талаптары танылмаған кредиторлардың тізбесін қалыптастыруға және уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру үшін оны уәкілетті органға және борышкерге ұсынуға;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді орындауға міндетті.

 Ескерту. 70-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.11.2015 № 399-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


Статья 1 ...68 69 70 71 72 ...128 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 70-бап Оңалту және банкроттық туралы 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚРЗ