Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы
9-3-бап. Жылжымалы мүлік кепілін екінші деңгейдегі банктер арқылы электрондық тіркеу тәртібі

Ст. 9-3 Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы 1998 жылғы 30 маусымдағы N 254


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018

1. Жеке немесе заңды тұлғалар екінші деңгейдегі банкпен кепіл туралы шарт немесе кепіл туралы мәліметтер қамтылған өзге де шартты жасасқан жағдайда екінші деңгейдегі банк кепіл ұстаушы ретінде жеке немесе заңды тұлғаның жазбаша келісімімен тіркеуші органның және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйесіне кепіл ұстаушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған өтінішті жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге жібереді. Жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге арналған өтініштің мазмұны осы Заңның 9-бабының 2-тармағында айқындалады. 

Жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге арналған өтінішке жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркеу үшін алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың деректемелері туралы мәліметтер қоса беріледі. 

Тіркеуші орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация өтінішті алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде кепіл ұстаушының ақпараттық жүйесіне және жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізіліміне тіркеуші органның және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлікті не электрондық құжат нысанындағы тіркеуден бас тарту туралы уәжді жауапты жібереді. 

2. Жүргізілген тіркеу туралы ақпарат екінші деңгейдегі банктің және тіркеуші органның ақпараттық жүйелерінде сақталады және құжаттамалық растауды талап етпейді. 

Ескерту. 2-тарау 9-3-баппен толықтырылды - ҚР 2013.01.08 N 64-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...9‑1 9‑2 9‑3 9‑4 10 ...23

Перейти к статье






Добавить комментарий к 9-3-бап Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы 1998 жылғы 30 маусымдағы N 254