Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 14-1 Сауда қызметiн реттеу туралы 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 544


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018

Сауда қызметiн реттеу туралы
14-1-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының сауда қызметін қолдауы

1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының сауда қызметін қолдауы мынадай іс-шараларды іске асыру арқылы жүзеге асырылады: 

1) сауда инфрақұрылымын дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларды әзірлеу және іске асыру; 

2) сауда қызметкерлерін кәсіптік даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесін дамыту және жетілдіру, кәсіби негізде еңбек нарығын қалыптастыру; 

3) сауда қызметі субъектілерін, оның ішінде отандық өндірістің азық-түлік тауарлары саудасын жүзеге асыратындарды экономикалық ынталандыру шараларын қолдану; 

4) электрондық сауданы дамыту; 

5) шекара маңындағы сауданы дамыту; 

6) отандық сауда желілерін дамыту. 

2. Ішкі сауданы дамытуға бағытталған іс-шаралар уәкілетті орган бекіткен халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері ескеріле отырып әзірленеді. 

Ескерту. 14-1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.10.2015 № 364-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...13 14 14‑1 14‑2 15 ...36

Перейти к статье






Добавить комментарий к 14-1-бап Сауда қызметiн реттеу туралы 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 544