Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы
20-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативінің мүлкін қалыптастыру көздері



Ст. 20 Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы 2015 жылғы 29 қазандағы № 372-V ҚРЗ



1. Ауыл шаруашылығы кооперативінің мүлкі оның мүшелерiнiң мүлік (пай) жарналарының, кіру, қосымша жарналарының, кооперативтің қауымдасқан мүшелерінің мүлік (пай) жарналарының, өз қызметiнен алынатын табыстар есебiнен және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптасады.

2. Ауыл шаруашылығы кооперативінің мүлкi оған меншiк құқығымен тиесiлi болады.

3. Ауыл шаруашылығы кооперативінінің мүлкіне иелік етуді, оны пайдалануды және оған билік етуді оның басқару органдары өздеріне берілген өкілдіктер шегінде жүзеге асырады.

  Ауыл шаруашылығы кооперативінің жарғысында көзделген жағдайларда оның мүлкіне билік ету бойынша өкілеттіктер кооператив мүшелерінің жалпы жиналысының шешімі бойынша жүзеге асырылады.

4. Ауыл шаруашылығы кооперативі өз қызметiн жүзеге асыру үшiн қорлар (пайлық, резервтік) құруға құқылы. Бұл қорлардың түрлерi, мөлшерлерi, оларды қалыптастыру және пайдалану тәртiбi ауыл шаруашылығы кооперативінің жарғысында кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысының шешіміне сәйкес көзделеді.

5. Ауыл шаруашылығы кооперативі таратылған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген кезектілік тәртіппен жүргізілген төлемдерден, сондай-ақ пайлар төленгеннен (берілгеннен), кооперативтік төлемдер мен кірістер бөлінгеннен кейін қалған оның мүлкі кооператив мүшелерінің арасында енгізілген мүлік (пай) жарналарына пропорционалды түрде бөлінеді.

Статья 1 ...18 19 20 21 22 ...42 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы 2015 жылғы 29 қазандағы № 372-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 20-бап Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы 2015 жылғы 29 қазандағы № 372-V ҚРЗ